Жаңалықтар

Қазақстан Халықаралық бочча федерацияның құрамына кірді

ашық дереккөзі

Қазақстан Халықаралық бочча федерацияның құрамына кірді

Қазақстан бочча федерациясы ресми түрде Boccia International Sports Federation (BISFed) – Халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды. Енді отандық федерацияның өкілдері бочча бойынша челленджерлер, әлем чемпионаттары, Паралимпиада ойындары, Азия паралимпиада ойындары сияқты халықаралық жарыстарға қатыса алады. Айта кетейік, биыл маусым айында Қазақстан бочча федерациясы боччадан Қазақстан чемпионатын өткізеді. Соның нәтижесін бойынша Қазақстан құрамасы жасақталады. Анықтама Бочча – доппен ойнайтын паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Бұл сайыс түрі тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен ересектерге спортта өз бағын сынап көруге мүмкіндік береді. Қазақстан бочча федерациясы 2021 жылы мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының жаттықтырушыларының бастамасымен құрылды. Қазақстан аумағында Федерацияның 10 филиалы бар.