Жаңалықтар

«Қолдауларыңызға рақмет»: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне алғыс айтты

ашық дереккөзі

«Қолдауларыңызға рақмет»: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне алғыс айтты

Мамыр айында 26 нокауты бар боксшымен шаршы алаңға шығатын қазақстандық танымал былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы алдағы кездесуіне қатысты жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Ол алдымен әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын жеткізді. «Қолдауларыңызға рақмет! Сіздердің жылы пікірлеріңіз бізге серпін береді», - деп жазды ол. Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 13 мамырда Калифорния штатының Стоктон қаласында 27 жастағы канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек өткізеді.