Қазақстан үкіметі ЖІӨ биыл 2 пайызға өседі деп болжайды

Қазақстан үкіметі ЖІӨ биыл 2 пайызға өседі деп болжайды

Қазақстан үкіметі ЖІӨ биыл 2 пайызға өседі деп болжайды
ашық дереккөзі
Қазақстанда 2017 жылы жалпы ішкі өнім көлемінің (ЖІӨ) өсімі 2 пайыздан кем болмайды деген болжам жасады ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сүлейменов 2016 жылы ЖІӨ көлемі алдан ала болжам бойныша 1 пайызға өскенін, 2017 жыл экономикада қиындықтар болуы мүмкін деп болжайтынын айтты. Оның сөзінше, жекелеген салалар бойынша машина құрастыру саласында өсім 13 пайыз, тау-кен өнеркәсібінде өсім 3,6 пайыз, азық-түлік өнімдерін өндіруде 3,2 пайыз өсім болуы мүмкін. Үкімет жиынына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр.