Жаңалықтар

Иманбек қазақстандықтарды қайырымды іске атсалысуға шақырды

ашық дереккөзі

Иманбек қазақстандықтарды қайырымды іске атсалысуға шақырды

Иманбек алтын платина дискісін Asar-Ume қайырымдылық қорына сыйлады. Бұл туралы Asar-Ume қоры Іnstagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.  «Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов Asar Nauryz акциясына қатысып, қорымызға алтын дискісін сыйға тартты», - делінген жазбада. Рамазан айында аталған қор еліміздің әр өңіріндегі қиын жағдайға тап болған 100 отбасын баспанамен қамту жобасын қолға алған болатын. «Asar-Ume қоры 100 отбасы және 500 бала жобасын іске қосты. Бұл қайырымдылық іс-шарасына бәріңізді үлес қосуға шақырамын. Сіз бен біздің арқамызда 500 бала өз үйінде тұруға мүмкіндік алады», - деді Иманбек.