Тоқаев қыркүйектен бастап кімдердің жәрдемақысы өсетінін айтты

Тоқаев қыркүйектен бастап кімдердің жәрдемақысы өсетінін айтты

Тоқаев қыркүйектен бастап кімдердің жәрдемақысы өсетінін айтты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше санат бойынша мемлекеттік жәрдемақыны қыркүйектен бастап көтеруді тапсырды деп хабарлады turkystan.kz.
"Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда үкіметке аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар. Айта кетейік, бұған дейін сенат қабылдаған Әлеуметтік кодекс жобасы аясында кейбір санаттағы азаматтардың жәрдемақысын 14,5%-ке көтеру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.