Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды

30 наурыз, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды AMANAT партиясы ️Премьер-Министр лауазымына кандидатурасын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.