Жаңалықтар

26 нокауты бар: Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

ашық дереккөзі

26 нокауты бар: Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы спортшының менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Ресми! Бұйыртса, жекпе-жек 13 мамырда өтеді. Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық титулын екінші рет қорғайды. Қарсыласы канадалық Стивен Батлер. Жасы 27-де. Рекорды: 32 жеңіс, 3 жеңіліс. WBO рейтингінде 6 орындағы қарсылас. Тартысты кездесу күтіп тұр! Qazaq style-ға сәттілік! Жеңісті күнде жүздесейік!», - деп жазды ол.