Астанада пышақталған мешіт қызметкері ауруханадан шықты

Астанада пышақталған мешіт қызметкері ауруханадан шықты

Астанада пышақталған мешіт қызметкері ауруханадан шықты
ашық дереккөзі
Елордада бірнеше жерден пышақ жарақатын алған мешіт қызметкері ауруханадан шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Пациент жазылып үйіне шықты, өзін жақсы сезінеді. Оның толық қалпына келуіне біраз уақыт керек», - дейді №3 қалалық көпбейінді аурухананың емдеуші дәрігері, хирург Арман Сарқытбай. Өз кезегінде пациент Мұслухаддин Надыров аурухана басшылығы мен дәрігерлерге ризашылығын жеткізді. «Мені ауруханаға 14 жерден пышақ жарақатымен, ес-түссіз алып келді. Дәрігерлер жанымды аман алып қалды. Хирургия бөлімінің жетекшісі Сергей Вервейн мен емдеуші дәрігер Арман Сарқытбайға алғысым шексіз», - дейді жазылып шыққан мешіт қызметкері. Еске сала кетейік, 15 наурызда Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін біреу пышақтап кетті.