«34 келі мефедрон»: есірткі әзірлеген қылмыстық топ ұсталды

«34 келі мефедрон»: есірткі әзірлеген қылмыстық топ ұсталды

«34 келі мефедрон»: есірткі әзірлеген қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөзі
ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті мен өңір прокуратурасының бірлескен жұмысының нәтижесінде аса ірі мөлшерде есірткі заты тәркіленді деп хабарлады turkystan.kz. Бас прокуратураның мәліметінше, ұсталған бес адамнан тұратын қылмыстық топ 34 кг 123 гр «мефедрон» синтетикалық есірткісін сату мақсатында заңсыз дайындап, сақтаған. «Қылмыстық топ 2-3 айдың көлемінде Байзақ ауданының аумағында жасанды лабораториялық цехта синтетикалық есірткі затын дайындап, кейіннен тасымалдау жолымен республиканың өзге қалаларына өткізу мақсатында жұмыс істеген. Олар қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруда жоғары деңгейдегі сақтық шараларын қолданып, Тараз қаласындағы жалдамалы пәтерде іс-қимылдарын алдын ала жоспарлап, есірткіні дайындауға арналған мекен-жайды бейнебақылау арқылы қашықтан бақылап отырған», - деп жазды ведомстводан. Департаменттің қызметкерлері қылмыстық топты есірткіні дайындау сәтінде ұстап, прокуратураның қолдауымен күдіктілердің барлығы сотпен қамауға алынды. Құқық бұзушылардың әрекеттері ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтарымен сараланып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіілуде.Аталған синтетикалық есірткі заты тәуелділік тудыратын әртүрлі химиялық қоспалардан дайындалады, адам өміріне аса қауіпті.