Түркістанда жоғалып кеткен 11 жасар қыз каналға құлап кеткен

Түркістанда жоғалып кеткен 11 жасар қыз каналға құлап кеткен

Түркістанда жоғалып кеткен 11 жасар қыз каналға құлап кеткен
ашық дереккөзі

Түркістан облысының құтқарушылары 5 сынып оқушысын іздестіру жұмыстарын жүргізуде деп хабарлады turkystan.kz Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған еді.

«Жедел басқару орталығына қосылған бейнежазбаларды зерделеу барысында Інжудің аулада ойнағаны, кейін жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды.

Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу арқылы, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғаны белгілі болды. Інжу сумен ойнаған кезде абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалған», - делінген хабарламада.

Қазір құтқарушылар осы бағыт бойынша іздеу жұмыстарына кірісті.

Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 40 жеке құрам, жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір 1 жүзу қайығы, Полиция департаментінен 50 адам, жергілікті атқарушы органнан 8 адам, еріктілерден 50 адам жұмылдырылды.