Ақтөбеде үйінен өлі табылған отбасыға қатысты тың дерек шықты

Ақтөбеде үйінен өлі табылған отбасыға қатысты тың дерек шықты

Ақтөбеде үйінен өлі табылған отбасыға қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі

Ақтөбеде бүтін бір отбасын пышақтап кеткен қандықол күдікті іздестіріліп жатыр. Ол 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын өлтіріп, 13 жастағы қызды ауыр жаралаған. Бес жерінен жарақат алған оқушы қазір жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Күдіктінің кім екені және не себепті мұндай қылмысқа барғаны белгісіз. Қазір тәртіп сақшылары оны іздестіріп жатыр. Марқұм келіншек осыдан 5-6 жыл бұрын күйеуінен ажырасып кеткен. Күні кеше сол күйеуі өз үйінде асылып өлген. Енесі қаралы хабарды таңертең тәртіп сақшыларынан естігенін айтты. Сондай-ақ келіншектің қайын ағасын тергеуге алып кеткен.

«Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлген белгілері бар мәйітін тапты. Ал марқұмәйелдің пышақталған 13 жастағы қызы балалар ауруханасындағы жансақтау бөліміне жатқызылды», - деді

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қансыраған оқушы қызды дәрігерлер аман алып қалды. Оны қылмыскер бауыздамақ болған. Дәрігерлердің айтуынша, қызды бес жерден пышақтаған.

«Мойны кесілген. Ота жасалды. Қазір жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр», - деді

Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.

Марқұм келіншектің қайын ағасы тергеуге алынып жатқаны белгілі болды.

«Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, ұлымды алып кетті. Сол кезде осы оқиға туралы білдім. Кеше ғана ұлым өзіне қол салып қайтыс болған еді. Жарақат алған София есімді немерем тірі қалды. Оны әлі маған көрсетпеді», - деді Ақтөбе тұрғыны Татьяна Игнатьева.

Полиция департаментіндегілер оқиғаға қатысты кісі өлтіру бабымен іс қозғаған.