Жамбыл облысында ауыл әкімін пышақтап кеткен

Жамбыл облысында ауыл әкімін пышақтап кеткен

Жамбыл облысында ауыл әкімін пышақтап кеткен
ашық дереккөзі

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінің әкімін пышақтап кетті деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген

Оқиға 24 наурызда болған. Белгісіз ер адам әкімді жұмыс орнында пышақтаған. Әкім ауруханаға жатқызылды.

«Аудандық полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың алкогольдік және есірткілік мас күйде болғаны анықталды. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Күдіктінің 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «шизофрения» диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.