Баллоннан бұрыш шашқан: Алматыда 7 бала ауруханаға түсті

Баллоннан бұрыш шашқан: Алматыда 7 бала ауруханаға түсті

Баллоннан бұрыш шашқан: Алматыда 7 бала ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
Алматыда №96 жалпыға білім беретін мектептің 7 оқушысы ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, оқиға 29 наурызда болған. Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы қоңырауда дәретханада баллоннан бұрыш шашқан. Соның салдарынан жанында тұрған оқушылардың реакциясы туындаған.
«Мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Алмалы аудандық ПБ-на қарасты ПБ оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады. Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі», - делінген хабарламада.