Жаңалықтар

Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі болып сайланды

ашық дереккөзі

Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі болып сайланды

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарды және партияда ұзақ жыл жұмыс істеп, партия жанындағы жастар қанатын басқарды. Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды. Биылғы 4 қаңтардан бастап «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.