Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағалары сайланды
Мәжілістің пленарлы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы қаралып, төрағалары сайланды деп хабарлады turkystan.kz.
Комитет төрағаларын депутаттар ашық дауыс беру арқылы сайлады.
Мәжілістің комитет төрағалары:
Аграрлық мәселелер комитеті – Серік Егізбаев;
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті – Снежанна Имашева;
Қаржы және бюджет комитеті – Мәди Тәкиев;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Айгүл Құспан;
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті – Еділ Жаңбыршин;
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Нұртай Сабильянов.