Ақтөбеде бір отбасының екі мүшесі өз үйінен өлі табылды

Ақтөбеде бір отбасының екі мүшесі өз үйінен өлі табылды

Ақтөбеде бір отбасының екі мүшесі өз үйінен өлі табылды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлы кісі қолынан қаза тапты. Осы отбасының тағы бір мүшесі 13 жастағы қыз да ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді. Полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарына кірісті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оқиға бүгін, 29 наурыз күні болды. Сағат 5:30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге де ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жараланған қызға ота жасалғанын хабарлады.
«Қызға ота жасалды. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Мойын тұсындағы қан тамыры, кеңірдегі кесіліп-тесілген. Жағдайы ауыр», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.