Головкин нокаутқа түсірген боксшы күтпеген мәлімдеме жасады

Головкин нокаутқа түсірген боксшы күтпеген мәлімдеме жасады

Головкин нокаутқа түсірген боксшы күтпеген мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Олимпиада жеңімпазы, кәсіпқойда әлемнің бұрынғы чемпионы, жапониялық Риота Мурата карьерасын аяқтағанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Мурата - Жапония тарихында орта салмақта Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы боксшы. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада финалында ол бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңген болатын. Кейін кәсіпқойға өтіп, аталған дивизионда WBA чемпионы атанды.
"Головкинмен айқас соңғы болатын шығар деп әрдайым ойлайтынмын. Бұл шешімді қабылдауға көп уақыт жұмсадым. Бокста басқа қалайтыным жоқ", - деді 37 жастағы боксшы.
Мурата зейнетке 16-3 рекордымен кетті, оның 13 жеңісі - нокаутпен болды.