Алты өңірде қатты жел, тұман болады
Алты өңірде қатты жел, тұман болады
Қазгидромет 29 наурызда Астанада және еліміздің алты облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Астанада түнде және таңертең тұман болады деген болжам бар. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.