Жаңалықтар

«Қолдауларыңыз маңызды»: Ләйлә Сұлтанқызы депутат болып сайланды

ашық дереккөзі

«Қолдауларыңыз маңызды»: Ләйлә Сұлтанқызы депутат болып сайланды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Amanat партиясы атынан Астана қалалық мәслихатына депутат болып сайланды. Бұл туралы журналист instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Бүгін Астана қаласы мәслихатының депутаттар тізімінен өз атымды көру бұйырыпты. Қуанышыма ортақтасып  жатқан барлық жанға көп-көп рақмет. Алла сәтін салса, ойда жүрген көп іс-шараларды жүзеге асырып, халыққа титтей де болсын пайдам тию үшін қолымнан келгенін жасаймын. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз - мен үшін қашанда маңызды!» деп жазды ол.