Алматыда тау баурайында өрт шықты

Алматыда тау баурайында өрт шықты

Алматыда тау баурайында өрт шықты
ашық дереккөзі
Алматыда Медеу ауданы аумағында 0,7 га алаңда таудың баурайындағы қураған шөп өртенді деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт жойылды және өрттің одан әрі таудың баурайына таралуына жол берілмеді. Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөптер мен сабандарды жағудан бас тартуды сұраймыз. Кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке, ал зардаптары ауыр болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - делінген министрлік хабарламасында.
Өртті тоқтатуға жеке құрамның 18 адамы және 4 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.