Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу аруы
Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу аруы
Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайты қаңтардың басында Еуразияның ең сұлу ары атағына байқау жариялаған болатын. Еуразияның ең сұлу аруы дауыс беру арқылы анықталды.
Аталған байқауға біздің бұрымдымыздан бөлек, Сарвиноз Курбонбоев (Өзбекстан), Мутриба Хатоми (Тәжікстан) сынды арулар қатысып жатыр.
Айта кетейік, 17 жастағы Жансая Әбдімәлік халықаралық дәрежедегі россмейстер. Қазіргі уақытта ол Халықаралық шахмат федерациясы тізген рейтингте қыз-келіншектер арасында 43 орында болды.
Қазақстандық шахматшы қызымыз Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу аруы атанды. Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайтында дауыс беру қаңтар айының басында басталып, бүгін өз мәресіне жетті.
Қорытындысында 9136 дауыс жинаған талантты қызымыз бірінші орынға ие болды. Екінші орын өзбекстандық Сарвиноз Курбонбоеваға бұйырды. Ол 7848 дауыс жинады. Ал үздік үштікті Тәжікстан шахматшысы Мутриба Хотами 653 дауыспен түйіндеді.
Айта кетейік, 17 жастағы Жансая Әбдімәлік қыздар арасындағы халықаралық дәрежедегі гроссмейстер.