«Несие рәсімдеймін»: Оралда студенттерді алдаған алаяқ ұсталды

«Несие рәсімдеймін»: Оралда студенттерді алдаған алаяқ ұсталды

«Несие рәсімдеймін»: Оралда студенттерді алдаған алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
Оралда алаяқ бір жылға жуық уақыт бойы студенттерді алдап келген деп хабарлады  turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқ шағын несие рәсімдейтін ұйымдар арқылы студенттерді отырғызып кеткен. Келген залал көлемі  700 мың теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктінің бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. «Абай полиция бөлімі криминалдық бөлімінің қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол ЖОО-лардың бірінде оқитын делдал студент арқылы жастардың сеніміне кіріп, несие алуды ұсынған. Банктерде студенттерге несие алу қиын болғандықтан, олар алаяқтың ұсынысына келісіп, өздерінің жеке мәліметтерін берген. Нәтижесінде ол студенттерге несие рәсімдеп, қолма-қол ақшаны өзі иемденіп отырған. Сұрағандарға ақшаны жуық арада беремін деп уәде берген. Жастар ақыры полицияға жүгінді. Қазіргі кезде іс бойынша 6 адам жәбірленуші деп танылды. Бірақ олардың саны бұдан көп болуы мүмкін. Полицейлер барлық мән-жайды анықтау үстінде. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабына (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.