Елордалық азамат қарыз үшін туысын өлтірмек болған

Елордалық азамат қарыз үшін туысын өлтірмек болған

Елордалық азамат қарыз үшін туысын өлтірмек болған
ашық дереккөзі
Астана қаласы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 57 жастағы әйелді өлтіруге тапсырыс берген елорданың бұрын сотты болған тұрғынына қатысты жедел іс-шаралар жүргізді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ұйымдастырушы өзінің танысы арқылы «орындаушымен» мәміле жасап, оған шартты 10 миллион теңгенің бір миллион теңгесін алдын ала төлем ретінде берген, сондай-ақ болжамды жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған. Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыстың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені анықталды. Жәбірленуші оған ағымдағы жылдың ақпан айында 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген, бұл қылмыс жасауға себеп болған. Өзге деректер тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.  width=  width=