Меккеге бара жатқан автобус аударылып, 20 адам көз жұмды

Меккеге бара жатқан автобус аударылып, 20 адам көз жұмды

Меккеге бара жатқан автобус аударылып, 20 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Оқиға 27 наурызда Сауд Арабиясының оңтүстік-батыс аймағында болды деп хабарлады turkystan.kz Arabnews-ке сілтеме жасап. Автобус Хамис Мушайттан шығып, Абхаға бет алған. Кей мәліметтер бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған.
«Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соғылған. Содан кейін автобус аударылып, өртеніп кетті», - делінген хабарламада.
Апат салдарынан қажылыққа бара жатқан 20 адам қаза тауып, 29-ы жарақат алды.