100 мың үшін ағасын өлтірген азамат 1 жылға сотталды

100 мың үшін ағасын өлтірген азамат 1 жылға сотталды

100 мың үшін ағасын өлтірген азамат 1 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында туған ағасына пышақ сұққан Н. есімді азаматқа қатысты іс қаралды деп хабарлады turkystan.kz. Otyrar.kz сайтының мәліметінше,  ол 2022 жылғы 21 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында өзінің ағасы Е-мен сөзге келіп қалған. Жәбірленуші Е. сотталған Н-ді ұрып жіберген. Сотталушы Н. ағасына қол көтермей, үйінен үш километр жерде орналасқан баудағы арқандаулы тұрған малдарына қарауға өзінің ВАЗ-2106 маркалы автокөлігіне отырып кетіп қалған. Келесі күні сағат 07:30 шамасында жәбірленуші Е. бауырынан алдында берген 100.000 теңге ақшасын сұраған. Сонда сотталушы Н. қазіргі таңда ондай ақшасы жоқ екенін, кейін малын сатып беретіндігін айтқан. Сол уақытта араларында ұрыс шығып, төбелескен.
«Сотталушы Н. не істерін білмей, ағасына шамасы жетпейтінін біліп, шкаф ішінде тұрған асхана пышағын алып, жәбірленуші Е-нің оң жақ көкірек тұсынан, яғни жүрегінен бір рет сұғып алған. Салдарынан жәбірленуші Е. оқиға орнында қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мәлімдеді», - делінген хабарламада.
27 ақпанда соттың үкімімен Н-ға Қылмыстық Кодексінің 112-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 (бір) жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.