Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді
ашық дереккөзі
7-9 сәуір күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы Спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілетін жарысқа 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003-2005 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге 40 ұпайдан беріледі. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогіне Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түрікменстан, Греция, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Махмұтов Бекет Сапабекұлы -  2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған. Дзюдодан Бекет Махмұтов атындағы турнир 2017 жылдан бері Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінің жарыс кестесі келесідей: 7 сәуір Жасөспірімдер Жарыстың басталуы – 10:00 Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:30 Финалдық белдесулер – 17:00 Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг Қыздар: -40 кг, -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг 8 сәуір Жарыстың басталуы – 10:00 Финалдық белдесулер – 17:00 Жасөспірімдер Ұлдар: -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг; Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг; Жастар Ұлдар: -60 кг, -66 кг; Қыздар: -48 кг, -52 кг; 9 сәуір Жастар Жарыстың басталуы – 10:00 Финалдық белдесулер – 17:00 Жастар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг; Жасөспірімдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;  width=