Түркия GSTC 2023 жаһандық тұрақты туризм конференциясын өткізеді

Түркия GSTC 2023 жаһандық тұрақты туризм конференциясын өткізеді

Түркия GSTC 2023 жаһандық тұрақты туризм конференциясын өткізеді
ашық дереккөзі
Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізуге дайындалып жатыр. Конференция елдің туризм астанасы – Анталияда  9-12 мамыр аралығында ұйымдастырылады. Тұрақты туризм мен саяхат үшін жаһандық стандарттарды белгілейтін және осы стандарттарды іске асыруды қадағалайтын Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесі (GSTC) биыл Түркияны таңдады. Сонымен қатар тұрақты туризмнің ең өзекті мәселелерін талқылау үшін әлемдік көшбасшылармен түрлі іс-шараларды жүзеге асырады. Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан онлайн режимде өткен конференциялар сериясы былтыр Испанияның Севилья қаласында ұйымдастырылған. 2022 GSTC тұрақты туризм конференциясында Түркия Туризмді алға жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) тарапынан білдірілген ұсыныстан кейін аталған жиын Анталияда өтетіні белгілі болды. Онда қатысушылар үшін арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылып,  Түркияның Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасына арналған уақыт бөлінді.  width=