Жаңалықтар

Ерекше балалардың ата-аналарын не шабыттандырады?

ашық дереккөзі

Ерекше балалардың ата-аналарын не шабыттандырады?

«Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласында 2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған «Ерекше балалардың ата-аналарын не шабыттандырады?» тақырыбында кездесу өткізеді деп хабарлады turkystan.kz. TED TALK форматында аутизмі бар балалардың ата-аналары өз тәжірибелерімен бөлісіп, дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестері мен ұсыныстарын айтады, балалары оларға табыс пен жетістікке жетуге шабыт бергенін жеткізеді. Сонымен қатар сиблингтер – балалардың бауырлары сөз сөйлеп, ерекше туыстарымен қарым-қатынас құру тәжірибесімен, аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар баламен бір отбасында тәрбие алу ерекшеліктерімен бөліседі. Сондай-ақ іс-шараға психотерапевтер, психиатрлар, мінез-құлық талдаушылары және басқа да мамандар қатысады. Шара ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері үшін де, олармен жұмыс істейтін мамандар үшін де пайдалы болмақ.