Доллар қайта қымбаттады: 28 наурыздағы валюта бағамы

Доллар қайта қымбаттады: 28 наурыздағы валюта бағамы

Доллар қайта қымбаттады: 28 наурыздағы валюта бағамы
ашық дереккөзі
Қазақстанның Ұлттық банкі 28 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz. Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,5 – 456,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 454 – 458 теңге аралығында құбылып тұр. 27 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 42 теңгеге қымбаттап, 458, 63 теңге болған. Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 458, 87 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,00 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,75 – 6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,83 – 5,92 теңгеден сатылуда. Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша: USD / KZT – 458,87 (АҚШ доллары) EUR / KZT – 493,84 (еуро) RUB / KZT – 6 (ресейлік рубль) TRY / KZT – 24,03 (түрік лирасы) CNY / KZT – 66,68 (қытай юані) KGS / KZT – 5,25 (қырғыз сомы) UZS / KZT – 4,02 (өзбек сомы).