Доллар қайта қымбаттады: 28 наурыздағы валюта бағамы
Доллар қайта қымбаттады: 28 наурыздағы валюта бағамы
Қазақстанның Ұлттық банкі 28 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,5 – 456,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 454 – 458 теңге аралығында құбылып тұр.
27 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 42 теңгеге қымбаттап, 458, 63 теңге болған.
Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 458, 87 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,00 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,75 – 6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,83 – 5,92 теңгеден сатылуда.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 458,87 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 493,84 (еуро)
RUB / KZT – 6 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 24,03 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 66,68 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,25 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,02 (өзбек сомы).