Данияны жеңген қазақстандық футболшылар сыйақы алатын болды

Данияны жеңген қазақстандық футболшылар сыйақы алатын болды

Данияны жеңген қазақстандық футболшылар сыйақы алатын болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық футболшылар Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады деп хабарлады turkystan.kz Хабар24kz сайтына сілтеме жасап. Бұл хабарды құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлім етті.
«Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі – қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды», - деді футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.