Рыбакина Майами мастерс турнирінің 1/4 финалына шықты

Рыбакина Майами мастерс турнирінің 1/4 финалына шықты

Рыбакина Майами мастерс турнирінің 1/4 финалына шықты
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне өтті деп хабарлады turkystan.kz. Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездесті. Матч 6:4, 6:3 есебімен, қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.