Қызылордада жаппай төбелес болып, 8 адам ұсталды

Қызылордада жаппай төбелес болып, 8 адам ұсталды

Қызылордада жаппай төбелес болып, 8 адам ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында көшедегі төбелестен кейін полиция бөліміне 8 адам жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Оқиға 26 наурызда сағат 2.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті Пірімов көшесінің бойында болды. Полиция бөліміне ер азаматтардың айқай-шу шығарып, бұзақылық жасап жатқандығы туралы хабарлама түскен.
«Төбелеске қатысты деген 8 адам полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға бойынша қалған азаматтарды анықтау бағытында тиісті шаралар жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағым түскен жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция басқармасынан.
Ведомство мәліметінше, бұл бойынша тергеу әрекеті жүргізілуде. Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілген.