Жаңалықтар

Медициналық мекеме 600-ден аса қызметкерге жалақы төлемеген

ашық дереккөзі

Медициналық мекеме 600-ден аса қызметкерге жалақы төлемеген

Абай облысындағы медициналық мекеме 600-ден астам қызметкеріне 128 млн теңге жалақы төлемеген деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық психикалық денсаулық орталығының 646 қызметкеріне жалақы берешегі 128,1 млн теңгеге жеткен. Абай облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы мәселені дереу шешу мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ, орталықтың басшылығымен, ұжымымен және кәсіподақ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. «Соның нәтижесінде, қазіргі уақытта психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкерлерінің алдындағы жалақы бойынша берешегі толығымен өтелді. Осы жылдың ақпан айындағы жалақы да уақтылы берілді», - делінген ақпаратта.