Көктем кезінде адамды неге ұйқы басады?

27 наурыз, 2023 / Равиль Ашығали
ашық дереккөзі
Көктем кезінде адамды неге ұйқы басады?

Әлемдегі 8 миллиардқа жуық адамның төрттен бірі ұйқысыздықтан зардап шегеді. Әсіресе, көктем мезгілінде адамдар әлсіреп, үнемі ұйқы қысады. Сарапшылардың сөзінше, ересек адам күн сайын кем дегенде 7-9 сағат ұйықтауы керек деп хабарлады turkystan.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Қай уақытта ұйықтаған жөн? Ұйқының оңтайлы уақыты жеке қажеттіліктер мен күн тәртібіне байланысты өзгеруі мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда, сарапшылар күн сайын кем дегенде 7-9 сағат ұйықтауға, сондай-ақ күнделікті, тіпті демалыс күндері де бір уақытта жатып, бір уақытта оянуға кеңес береді. «Қай уақытта ұйықтау керек екенін анықтау үшін таңертең оянатын уақытты есептеңіз. Мысалы, егер сіз таңғы 6-да тұрсаңыз және сізге кем дегенде 8 сағат ұйықтау қажет болса, онда сіз 22:00-ден кешікпей жатуыңыз керек. Сонымен қатар жаттығу уақыты, ішетін кофе мөлшері және сіздің ұйықтауыңызға жасалған жағдайлар сияқты факторларды ескеру маңызды», - деді ҚОДА дәрігерлері. Кейде түнгі ұйқы режимі бұзылады. Оған жиі кеш жату, сағаттық белдеулердің ауысуы, ұйықтар алдында смартфондарды немесе планшеттерді пайдалану әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда сарапшылар түнгі ұйқының сапасын жақсарту үшін түн аумай көз іліуге кеңес береді. Дененің табиғи циркадиялық (биологиялық) ырғағы қараңғы түскенде, әсіресе түннің бірінші жартысында ұйықтауға бейімделеді. Циркадиялық ырғақтар – 24 сағаттық циклге сәйкес келетін физикалық, психикалық және мінез-құлық өзгерістері. Олар «ұйықтау – ояну» механизмін реттеуге көмектеседі. Түнгі ұйқы неге  маңызды? Түнде барынша жақсы ұйықтау – адамның физикалық және менталды денсаулығы үшін өте маңызды. Ұйқы: Ересектер әр түнде 7-9 сағат ұйықтауы керек, ал балалар мен жасөспірімдерге одан да ұзақ ұйықтау қажет болуы мүмкін. Түнгі ұйқыны қалай жөнге келтіруге болады? Ұйқыны реттеудің бірнеше жолы бар. Олар: Жоғарыда аталған барлық ұсынысты орындасаңыз да бірнеше апта бойы ұйқыңыз реттелмесе, онда дәрігерге жүгініңіз.