«Айтарға сөзім жоқ»: Дания жанкүйерлері Қазақстаннан жеңілген құрамасын сынады

«Айтарға сөзім жоқ»: Дания жанкүйерлері Қазақстаннан жеңілген құрамасын сынады

«Айтарға сөзім жоқ»: Дания жанкүйерлері Қазақстаннан жеңілген құрамасын сынады
ашық дереккөзі
Футболдан «Еуро 2024» турнирінің іріктеу кезеңі аясында өткен «Қазақстан-Дания» арасындағы ойыннан кейін, Дания құрамасының жанкүйерлері пікір білдірді  деп хабарлады turkystan.kz goalkz-ке сілтеме жасап. «Тіпті, айтарға сөз жоқ, ұяттан кірерге тесік таппай отырмын» «Фифа рейтингінде 115-орында тұрған ұлттық құрамадан қалай 3 гол өткізуге болады?» «Енді елестетіңіздер. Біз, Еуропа чемпионаты үшін іріктеуде Азиялық құрамадан жеңілдік» «Ойындағы ең үлкен қателік бапкерден кетті. Түсінбеймін, ұлттық құрамадағы әр екінші ойынды жеңіліп, қалай бапкерлік қызметте қалуға болады?» «Мойындау қиын, бірақ, Қазақстанның жеңісі заңдылық» «Екінші таймда Данияның ойыны жүрмеді. Гол сала алмадық. 3:2 есебімен жеңілу футболда ұят емес. Қызығы, Қазақстан құрамасы 100 жылда бір рет қана берілетін сәттілігін бізге қарсы қойды. 100 рет тепсе де алыстан гол сала алмайтын ойыншы гол соқты. Біздің қақпаға берілген пенальти күмәнді болды» «Қазақстан біздің қақпамызға таңғаларлық 2 гол соқты» «Сендер Қазақстанға «Данияны» қолдау үшін келген жанкүйерлерге ақша төлеулерің керек» «Өзімізге Еуропаның үздік командасы ретінде қарауды доғару керек. Тәккапарлық жақсылыққа апармайды. Бүгінгі ойын соның дәлелі» «Қазақстан сендермен салыстырғанда үлкен жүрекпен және асқақ рухпен ойнайды. Олар, Қазақстан үшін және жанкүйерлері үшін жан беруге дайын. Егер, біздің шабуылшымыз Хойлундтың 2 голы болмағанда, тіптен гол да соға алмайтын едік. Юльман бапкерлік қызыметінен кетсін!»