Жаңалықтар

«Ақ жол» партиясы Мәжіліске баратын депутаттардың тізімін жариялады

ашық дереккөзі

«Ақ жол» партиясы Мәжіліске баратын депутаттардың тізімін жариялады

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді. Пленумның бірауыздан шешімімен Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды: Барлыбаев Ерлан Хайланұлы – экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты; Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы; Еспаева Дания Мәдиқызы – қаржыгер, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты; Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, Партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты; Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Партия төрағасы; Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтобе облысы; Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 27 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, «Ақ жол» демократиялық партиясына 535 139 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды. Мульти-сплит дела