Жаңалықтар

Шымкентте газдан уланған жасөспірім көз жұмды

ашық дереккөзі

Шымкентте газдан уланған жасөспірім көз жұмды

Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінде 15 жастағы жасөспірім газдан уланып, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оны  ағасы ауыр халде ауруханаға жеткізген. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім көміртегі тотығымен уланған. «Қайғылы оқиға 26 наурыз күні кешке Ерімбетов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жеткен жедел топ бірқатар бұзушылықтарды анықтады: лоджияға газ плитасы мен су жылытқышы қойылған. Лездік су жылытқышының мұржасы қабырға деңгейінде көшеге шығарылған және полиэтилен пакетімен тығындалған. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ», - делінген хабарламада.