Жаңалықтар

Теміртаудағы 2 жасар баланың өлімі жайлы тың деректер шықты

ашық дереккөзі

Теміртаудағы 2 жасар баланың өлімі жайлы тың деректер шықты

Теміртау соты 2 жасар баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы жігітті екі айға қамауға алды деп хабарлады turkystan.kz. Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, бірге тұратын адаммен жанжалдан кейін анасы баласын қалдырып, кетіп қалған. Екі күннен кейін үйіне келген әйел бірнеше рет пышақ жарақатын алған ұлын көреді. Күдікті 10 бала тәрбиеленген көпбалалы отбасынан шыққан. Журналистер оның әкесінен жиі таяқ жегенін анықтады. Олардың отбасы полицияда және қамқоршылық органдарында есепте тұрған. Тергеу соты оны қамауға алуға рұқсат берді. Күдікті уақытша ұстау изоляторынан Қарағандыдағы тергеу изоляторына жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, 23 наурызда Теміртаудағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінен пышақ жарақаты бар 2 жасар баланың мәйіті табылған болатын. Баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталған еді.