10-қабаттан секірген: жетім қызды зорлаған 3 күдіктінің қылмысы дәлелденді

10-қабаттан секірген: жетім қызды зорлаған 3 күдіктінің қылмысы дәлелденді

10-қабаттан секірген: жетім қызды зорлаған 3 күдіктінің қылмысы дәлелденді
ашық дереккөзі

Павлодарда Жастар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін топтасып зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Былтыр жазда 16 жастағы қыз зорлық-зомбылықтан құтылу үшін 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті. «Сот кабинетінің» мәліметінше, басты сот отырысы 29 наурызға белгіленген.

«Заңға сәйкес, аталған санаттағы қылмыстық істер жабық есік жағдайында қаралады», - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.