Қызылорда облысында бір жасар сәби септикке құлап көз жұмды

27 наурыз, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында бір жасар сәби септикке құлап көз жұмды Қызылорда облысында есік алдындағы септикке құлаған бір жастағы сәби көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар департаментіне 26 наурызда сағат 12.55-те хабарлама түскен.
«Онда Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде 2022 жылы дүниеге келген сәби септикке құлап, көз жұмғаны айтылған. Сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Оның мәйітін туыстары сыртқа шығарды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.