Түркістан облысында суға кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды

Түркістан облысында суға кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды

Түркістан облысында суға кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды
ашық дереккөзі

26 наурызда түстен кейін Түркістан облысында тоғыз күн бұрын суға кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың денесі Сайрам ауданы Арыс ауылы маңынан тоғызыншы күні ғана табылды. Қыздың денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Айта кетсек, 17 наурызда Еңбек ауылында бірнеше туысқан қыз Арыс өзеніне түсуге барған. Сол кезде 4 жасар қыз абайсызда суға құлап кетіп, оны ағын ағызып әкеткен. Бүлдіршінді іздеуге құтқарушылар, облыс полицейлері мен еріктілер жұмылдырылды.