Сенбі, 10 Маусым, 2023

Рыбакина қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Елена үшінші айналымда әлемнің бұрынғы 2-ракеткасы, қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 29-орында тұрған испаниялық Паула Бадосаға қарсы шықты. 2 сағат 33 минутқа созылған тартысты ойында қазақстандық спортшы 3:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Осылайша, Елена қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді.

Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингте 41-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичтің біреуімен кездеседі.

Бұған дейін Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан Уэлс турнирінде топ жарған болатын.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button