Қазақ бапкері жаттықтыратын Моңғол боксшысы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақ бапкері жаттықтыратын Моңғол боксшысы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақ бапкері жаттықтыратын Моңғол боксшысы әлем чемпионатында жүлдегер атанды
ашық дереккөзі

Қазақ бапкері Еркін Жамантайұлының қол астында жаттығатын моңғол қызы Лутсайхан Алтанцэцэг бокстан Үндістанда өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 кг салмақта күміс медаль иегері атанды. Бұл туралы спорт журналисі А. Көкенайұлы Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабаралады turkystan.kz.

«Алтанцэцэг бокстан әлем чемпионатының финалында өнер көрсеткен алғашқы моңғол қызы. Тарихи сәт!

Алтанцэцэг 28жаста. 2021-2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының қола медаль иегері. Оның көп жылғы қажырлы еңбегі мен жауынгерлік рухы Моңғолия әйелдер құрамасына алғашқы күміс жүлдені алып берді.

Моңғолия тарихында боксшы қыздары әлем чемпионатында осымен үшінші медаль алды.

Бұған дейін М.Нандинцэцэг 2018 жылғы әлем чемпионатында қола медаль еншілеп Моңғолияға алғашқы медалін алып берген болатын. Осы Үндістандағы чемпионатта 54кг салмақта Энхжаргал қола медальға ие болған», - деп жазды ол.

Л.Алтанцэцэг әлем чемпионатында алдымен қытай қызы Мей И Хүдіні 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан.

Ширек финалда Өзбек боксшысы Фарзона Фазилованы айқын басымдылықпен жеңді (5: 0).

Жартылай финалда Марокко боксшысы Яасмин Муттакиді де жеңді (5: 0).

Финалда Үндістан боксшысы Ниту Гангастан 5:0 есебімен жеңіліп қалды. Нәтидесінде Алтанцэцэг күміс медальға қол жеткізді.