Сенбі, 10 Маусым, 2023

Алматы облысының судьясы тергеуге алынды

Алматы облысының судьясы мен мемлекеттік Кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясы мен мемлекеттік Кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінген.
«Олар салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.
Ведомство өзге ақпаратты жариялауға заң бойынша тыйым салынатынын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button