Қызылорда облысында 2 жасар сәби құдыққа құлап, көз жұмды

Қызылорда облысында 2 жасар сәби құдыққа құлап, көз жұмды

Қызылорда облысында 2 жасар сәби құдыққа құлап, көз жұмды
ашық дереккөзі

Қызылорда облысында қайғылы оқиға салдарынан екі жасар сәби көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

«24 наурыз күні Жаңақорған ауданы Қандөз ауылында 2021 жылы туған бала тұрғын үйдің ауласындағы құдыққа құлап, мерт болды. Ол Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінен нағашысының үйіне анасымен бірге қонаққа келген», - деп хабарлады Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Болжам бойынша, сәби қараусыз қалған.