Жаңалықтар

Ақмола және Қарағанды облыстарында жол жабылды

ашық дереккөзі

Ақмола және Қарағанды облыстарында жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірқатар өңірде жол жабылғанын мәлімдеді деп хабарлады  turkystan.kz. Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1353 шақырым аралығында, Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген. Оған себеп - қалың тұман мен көрінудің шектелуі. Сондай-ақ осы өңірде «Астана-Қорғалжын» тасжолының 19-124 шақырымында да көлік жүруіне тыйым салынды. Қарағанды облысында да Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласында дейінгі жолда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Бұл - «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1425 шақырым аралығындағы учаске.