«Ажалы еттен болды»: астаналық азамат дастарқан үстінде көз жұмды

«Ажалы еттен болды»: астаналық азамат дастарқан үстінде көз жұмды

«Ажалы еттен болды»: астаналық азамат дастарқан үстінде көз жұмды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында қонаққа барған ер адам өңешіне ет тұрып қалып көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, жазатайым оқиға Сандықтау ауданында болған. «Наурыздың 22-сінде Сандықтау аудандық полиция бөліміне ауылдардың бірінде 55 жастағы астаналықтың көз жұмғаны туралы хабар түсті. Бірге болғандардың сөзінше, ер адам тамақтану кезінде етке шашалып қалған. Алдын ала мәліметке сенсек, ер адамның өлімі тыныс алу жолдарында тұрып қалған тағамға байланысты механикалық асфиксия салдарынан болды. Ол Сандықтау ауданына қонаққа келген. Оның өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы барысында анықталады», - деді ведомстводан.