«Қарсы бетке шығып кеткен»: БҚО-да көлік апатынан 3 адам көз жұмды

«Қарсы бетке шығып кеткен»: БҚО-да көлік апатынан 3 адам көз жұмды

«Қарсы бетке шығып кеткен»: БҚО-да көлік апатынан 3 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 наурыз күні Орал-Атырау жолының 308-шақырымында Ақжайық ауданы аумағында болған. «Шамамен сағат 14.30-да 1991 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан ГАЗ-330273-753 жүк көлігінің тіркемесі ағытылып, қарсы бетке шығып кеткен. Содан қарсы бетте 27 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен 22 және 42 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ақжайық аудандық орталық ауруханасына 1979 және 1991 жылғы екі адам түрлі жарақатпен жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 22 жастағы қыздың 9 қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткенін жазған болатынбыз.