Кейбір ата-аналар туберкулезге қарсы екпе алудан бас тартады - Пралиева

Кейбір ата-аналар туберкулезге қарсы екпе алудан бас тартады - Пралиева

Кейбір ата-аналар туберкулезге қарсы екпе алудан бас тартады - Пралиева
ашық дереккөзі
Елордада жаңа туған нәрестелердің кейбірінің ата-аналары туберкулез вакцинасын сәбиіне ектіруге қарсы. Бұл туралы Астана қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Медициналық себептерге байланысты 3,2% бала екпе алмады және 73 баланың ата-анасы туберкулезге қарсы вакцина салуға рұқсат бермеді. Вакцина алмаған балалардың инфекция жұқтыру қаупі бірнеше есе жоғары. Сондықтан ата-аналарды туберкулезге қарсы екпеден бас тартпай, уақтылы алуға шақырамыз», - дейді департамент басшысының орынбасары. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша, жаңа туған нәрестелердің 90,8%-ы туберкулез инфекциясына қарсы вакцина алды. 5,8%-ына медициналық себептермен екпе егілмеді. Одан бөлек, 1048 сәбидің немесе 3,1%-ына анасының қарсы болуы себептен туберкулез вакцинасы салынбады», – деді Жанна Пралиева Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, 6-7 жастағы балалардың 96,1%-ы туберкулез инфекциясына қарсы ревакцинацияланды.